Қазақстан құрамасының бас бапкері жалақысы туралы пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері жалақысы туралы пікір білдірді
Футзал

KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Али Алиев өз жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Баспасөз мәслихатында Алиевтен бұрынғы бас бапкер Станислав Черчесовтің жалақысымен салыстырғанда, өзіне қанша еңбекақы белгіленгені туралы сұралды.

“Ел намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе. Жалақы мәселесін Марат Омаровпен талқылаған жоқпын. Қанша бекітсе – сонша аламын. Егер мүлде бекітпесе де, ешқандай мәселе жоқ. Артымда 20 миллион халық тұрғанда, ақша туралы сөз қозғамау керек деп ойлаймын. Ал Черчесовтің жалақысы мені мүлде қызықтырмайды. Бұл – менің құзыретімдегі шаруа емес”, – деді Али Алиев.

Айта кетейік, Али Алиев Қазақстан құрамасының тізгінін ресейлік Станислав Черчесовтің орнына алды.