Қазақстан құрамасы Қытайды тас-талқан етті

Хоккей
ҚХФ
Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарының хоккей турнирінде Қазақстан құрамасы екінші матчында Қытайды тас-талқан етті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ойынның алғашқы кезеңінде Дмитрий Бреус, Дмитрий Гренц және Роман Старченко мергендік танытып, Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде Роман Старченко тағы бір шайба соғып, басымдықты арттыра түсті. Үшінші кезеңде Вячеслав Колесников дубль жасап, Қазақстан құрамасы кездесуді 6:1 есебімен аяқтады.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер турнирдің алғашқы матчында Таиландты 12:0 есебімен жеңген болатын. Келесі ойын жұма күні Тайваньға қарсы өтеді.