Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңді (ВИДЕО)
![Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңді (ВИДЕО) | BASSPORT Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңді (ВИДЕО)](https://bassport.kz/storage/2025/02/05/IFuNpR8QEUQjO4Xl72a19oBYfKw7LnZ1I1pzcOem.jpg)
Футзал
KFF
Бүгін, 5 ақпанда, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Данияны жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Астана қаласында өткен ойын 7:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасынан Дуглас Жуниор (дубль), Даурен Тұрсағұлов, Ақжол Дарибай, Азат Валиуллин және Дамир Қайырбай мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар, даниялық ойыншылардың бірі өз қақпасына гол соқты.
Еске сала кетейік, іріктеу кезеңінің үшінші турында Қазақстан құрамасы Данияға 2:3 есебімен сенсациялық түрде жеңіліп қалған еді.
Қазіргі таңда 6-топта Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Армения (7 ұпай), одан кейін Албания (3) және Дания (3) жайғасқан.