Қызылордадағы жаңа стадион мамыр айында ашылады

Қызылордадағы жаңа стадион мамыр айында ашылады
Футбол

ФК “Қайсар”

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев облыс орталығындағы жаңа стадионның құрылысы көктемде аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Стадионды мамыр айында ашуды жоспарлап отырмыз, содан кейін «Қайсар» толықтай жаңа аренаға көшеді. Алғашында 7 мың орынға есептелген стадионның сыйымдылығы 11 мыңға дейін ұлғайтылды», – деді Артаев «Спорт Министрі» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қызылордадағы жаңа стадионның құрылысы 2024 жылы басталған. Жобаның құны 17-18 миллиард теңге деп бағалануда. Нысан «Түркістан Арена» үлгісі негізінде салынуда.