«Тұран» оқу-жаттығу жиынына «Қайсардың» төрт легионерін шақырды

«Тұран» оқу-жаттығу жиынына «Қайсардың» төрт легионерін шақырды
Футбол

ФК “Қайсар”

Түркістанның «Тұран» футбол клубы маусым алдындағы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына төрт шетелдік ойыншыны шақырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Олар – бұрын «Қайсарда» ойнаған Руслан Юденков, Василий Совпель, Горан Милойко және Йован Пайович.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ойыншылар қаралымнан өтіп, команда сапына қосылу мүмкіндігіне ие болады.

• Василий Совпель өткен маусымда «Қайсар» сапында 23 матч өткізіп, 4 гол, 2 ассист жасап, 1 сары қағаз алған.

• Руслан Юденков 24 кездесуге қатысып, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген және 5 рет ескерту алған.

• Йован Пайович «Қайсарға» 2024 жылдың қыста қосылып, 20 матчқа шықты.

• Горан Милойко қызылордалық клубта екі маусым ойнап, 43 матчта 5 гол соқты.

Бұл ойыншылардың «Тұран» сапына қосылу-қосылмауы оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.