«Астана» алғашқы оқу-жаттығу кезеңін аяқтады

«Астана» алғашқы оқу-жаттығу кезеңін аяқтады
Футбол

ФК “Астана”

Елордалық «Астана» футбол клубы БАӘ-дегі алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Григорий Бабаянның шәкірттері қысқа мерзімді үзіліс алғаннан кейін, 7 ақпанда қайтадан Біріккен Араб Әмірліктерінде жиналып, 20 ақпанға дейін дайындықтарын жалғастырады.

Бірінші жаттығу кезеңінде «Астана» Мәскеудің «Спартак» клубымен бақылау матчын өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады.

Команда алдағы маусымға дайындықты жалғастырады және оқу-жаттығу жиыны аясында тағы бірнеше жолдастық матч өткізуі мүмкін.