Аслан Дарабаев «Оқжетпеске» ауысуға жақын

Аслан Дарабаев «Оқжетпеске» ауысуға жақын
Футбол

ҚФФ

Қазақстан құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

36 жастағы ойыншыны шақыру бастамасын «Оқжетпес» клубының уақытша директоры, Дарабаевтың «Ақтөбеде» бірге ойнаған бұрынғы серіктесі Мұрат Тлешев көтерген.

Дарабаев бұған дейін «Елімай» сапында 2024 жылғы маусымның екінші жартысын өткізген. Сондай-ақ, ол «Шахтер», «Тобыл», «Ертіс», «Атырау», «Жетісу», «Қайрат», «Каспий» және «Астана» клубтарында өнер көрсетті.  

Қазақстан құрамасы сапында 24 матч өткізіп, 1 гол соққан.