ҚФФ президенті Марат Омаров УЕФА басшысы Александер Чеферинмен кездесу өткізеді
Футбол
ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров 10 ақпан күні УЕФА кеңсесінде ұйым басшысы Александер Чеферинмен кездесу өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстандағы футболды дамыту және жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. УЕФА президенті Александер Чеферин ҚФФ-ның жаңа басшысын жеке өзі шақырған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 20 желтоқсанында өткен кезектен тыс сайлау конференциясында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып Марат Омаров сайланған болатын.