Сергей Малый Қазақстан құрамасының топ-5 рекордсмені атанды
Футбол
Алдыңғы күні 32 жасқа толған "Тобыл" қорғаушысы Сергей Малый Словакияға қарсы ойында (1:0) Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өзінің 56-шы матчын өткізіп, топ-5 рекордсмендердің қатарына енді.
Луганск футболының тәрбиеленушісі Сергей Малый Қазақстан құрамасының бесінші рекордсмені атанды. Оның дебюті 2014 жылы 5 наурызда Түркияның Кунду қаласында Литва құрамасына қарсы жолдастық матчта өтті (1:1). Ұлттар Лигасының Словакия құрамасына қарсы матчы (1:0) 56-шы болды.
Қазақстан құрамасының рекордшылары 1992-2022 (07.06.2022):
1. Самат Смақов-76 матч;
2. Руслан Балтиев-73;
3. Нұрбол Жұмасқалиев-58;
4. Юрий Логвиненко-57;
5. Сергей Малый – 56;
6. Андрей Карпович-55.