Екі дүркін “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы Макс Перселл допинг сынағынан өте алмады

Екі дүркін “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы Макс Перселл допинг сынағынан өте алмады
Теннис

Getty Images

Австралиялық теннисші, жұптық разрядтағы екі дүркін “Үлкен дулыға” турнирінің чемпионы Макс Перселлдің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Перселл антидопинг ережесін бұзғанын мойындап, уақытша шеттетілуге келісті. Бұл туралы Халықаралық теннис адалдығын қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) мәлімдеді.

26 жастағы Перселл жұптық рейтингте 12-орын алады. Ол теннистегі антидопинг бағдарламасының 2.2-бабын (тыйым салынған әдісті қолдану) бұзғанын мойындап, 10 желтоқсанда уақытша шеттетуге өтініш берді.

Шеттету 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап күшіне енді.