Махмуд Сабырхан ағайынды Оралбайларды мазақтады (ФОТО)
Бокс
Әлеуметтік желі
Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Instagram-дағы сторизінде демалыста түсірілген көңілді фотосын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Сабырхан бірдей киінген екі қара нәсілді жігітпен суретке түсіп, оларды ұлттық құрамадағы серіктестері – ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайды әзілмен атап өтті.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай 2024 жылы Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол былтыр Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Айбек Оралбай – екі дүркін Азия чемпионы (2022, 2024). Ал Махмуд Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.