Қазақстан жастар құрамасы Чехиядан ойсырай ұтылды
ҚХФ
Қазақстан құрамасы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Чехия командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды bassport.kz.
Сергей Старыгин шәкірттері ойынды Швециямен матчқа қарағанда жақсы бастады. Дегенмен, бірінші соғылған шайбадан кейін Чехия құрамасы толық басымдыққа ие болды. Командалар ойынның алғашқы үзілісіне 4:1 есебімен аттанды. Біздің құрамамыз сапынан Кирилл Ляпунов көзге түсті. Шабуылшы сан басымдығын жүзеге асырды. Чехиялықтар соққан үшінші шайбадан кейін командамызда қақпашы алмасып, Джохар Дударкиев әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді. Екінші кезеңде Чехия құрамасы Қазақстан қақпасына 8 гол соқты. Есеп 8:1 болып тұрған сәтте Владимир Никитин қайтадан айдынға шықты. Матчтың қорытынды бөлігінде жастарымыз бір шайба соға білді. Нәтижелі соққының авторы - Александр Ким. Алайда кездесудің соңғы екі минутында Чехия жастары қақпамызға тағы екі шайба соқты - 2:14.
Қазақстан U20 - Чехия U20 - 2:14 (1:4, 0:8, 1:2)
0:1 – 05:45 – Масталирски (Фибир, Сале)
0:2 – 05:51 – Сикора (Станцл)
0:3 - 11:01- Дворак (Шале, Фельцман)
0:4 - 14:45- Градец (Порт, Фибигр)
1:4 - 18:34 - Ляпунов (Симонов, Бейсембаев) СБШ
1:5 - 22:54 - Йехо (Порт, Чихар)
1:6 - 24:10 - Масталирский
1:7 - 25:09 - Станкл (Сикора, Градец)
1:8 - 27:25 - Масталирский (Петр, Фибигр)
1:9 - 29:17 - Станкл (Градец)
1:10 - 29:32 - Новотны
1:11 - 31:35 - Градец (Сикора)
1:12 - 32:05 - Чихар (Порт, Фибигр)
2:12 - 41:29 - Ким (Русланулы, Оразов)
2:13 - 58:18 - Станкл (Гусинецкий)
2:14 - 58:49 - Градец (Станкл)
Қақпашылар: Никитин (Дударкиев, 11:34 - 27:25) - Каван