Қазақстандық маман Азия бокс ұйымының кеңесіне кірді
Бокс
ҚБФ
Жаңадан құрылған ASIAN BOXING қауымдастығы екінші жиналысын өткізді. Құрамына 21 ел енген аталмыш федерация уақытша директорлар кеңесін құрды, деп хабарлайды BasSport.kz, Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасай отырып.
Осылайша, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбай кеңес мүшесі атанды.
Президент - Пичай Чунхаваджира (Таиланд) Директорлар кеңесінің құрамы:
• Викторико Варгас (Филиппин)
• Джунг Аехун (Корея)
• Дархан Қызайбай (Қазақстан)
• Тилобоев Шохид (Өзбекстан)
• Баянмукх Майдар (Моңғолия)
• Али Таклиф Шахид (Ирак)
• Аджай Сингх (Үндістан)
• Татсуя Накама (Жапония)