ҚФФ төрешілер департаментін шетелдік маман басқаруы мүмкін

ҚФФ төрешілер департаментін шетелдік маман басқаруы мүмкін
Футбол

ФК “Ақтөбе”

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) төрешілер департаменті басшысы лауазымына шетелдік маман тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz «Серый CARDINAL» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) төрешілер жұмысына қатысты жанжалдар жиі тіркелген болатын. Клубтар тарапынан төрешілердің жұмысына көптеген шағымдар түсті. Шағымдардың шарықтау шегі Қазақстан Кубогының финалындағы (“Ақтөбе” — “Атырау” 2:1) және 17-турдан кейінге қалдырылған матчтағы (“Астана” — “Атырау” 3:2) даулы эпизодтар болды.

Шетелдік маманның бұл лауазымға келуі ҚПЛ-дағы төрешілік сапасын жақсартуға бағытталған қадам болуы ықтимал.