«Барыстың» экс қорғаушысы «Металлургпен» келісімшарт жасады

«Барыстың» экс қорғаушысы «Металлургпен» келісімшарт жасады
Хоккей

ХК “СКА”

Қорғаушы Никита Камалов маусымды «Барыс» құрамында бастағанымен, енді мансабын Магнитогорлық «Металлургте» жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz, «ҚХЛ Трансферлері» арнасына сілтеме жасап.

Ресейлік ойыншының жаңа келісімшарты маусымның соңына дейін есептелген. Жақында Камалов пен «Барыс» арасындағы келісімшарттың бұзылғаны белгілі болды. Енді ол Гагарин Кубогының қазіргі иегері саналатын командаға қосылады.

Айта кетейік, «Металлург» сапында Қазақстан құрамасының екі өкілі – қорғаушы Валерий Орехов пен шабуылшы Никита Михайлис ойнайды.