Өзбекстан құрамасының екі ойыншысы Қазақстан құрамасының жалпы құнынан қымбат
ҚФФ
Transfermarkt ойыншылардың нарықтық бағасын жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz.
25 желтоқсан күні жарияланған деректер бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы құны 18 миллион еуроны құраса, Өзбекстан құрамасының құны 47 миллион еуроға жеткен. Қазақстан құрамасындағы ең қымбат ойыншы Бахтиёр Зайнутдинов, оның нарықтық бағасы 3,7 миллион еуро деп көрсетілген. Алайда, “Бешикташта” ойын уақытын жоғалтқандықтан, оның құны бұрынғыдан төмендеген.
Ал Өзбекстан құрамасында жағдай мүлде басқа. Францияның “Ланс” клубының қорғаушысы Абдуқодир Хасанов, еуропалық топ клубтардың назарында жүрген ойыншы, өзінің нарықтық бағасын 12 миллион еуроға дейін өсірді. Сондай-ақ, ЦСКА жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев 8 миллион еуроға бағаланған.
Осылайша, Өзбекстан құрамасының екі ойыншысы Қазақстан құрамасының барлық ойыншыларынан қымбат болып тұр.