Қазақстан құрамасына Черчесовтың орнына келетін бапкердің есімі белгілі болды

Қазақстан құрамасына Черчесовтың орнына келетін бапкердің есімі белгілі болды
Футбол

Getty Images

Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін оның орнына үміткерлер қатарында 42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовтің есімі аталды. Бұл туралы Bassport.kz Kazfootball.kz сілтеме жасап хабарлайды.  

Жуырда Қайрат Нұрдәулетов Талдықорғанның «Жетісу» клубынан кеткен болатын.

Нұрдәулетов өз бапкерлік мансабын 2017 жылы Қазақстан ұлттық құрамасында ресейлік маман Александр Бородюктың көмекшісі ретінде бастаған. Кейін Станимир Стоилов пен Михаэл Билектің жаттықтырушылар штабының құрамында жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Қазақстан футбол федерациясында құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарды, жастар құрамасын (U-21) басқарды, әрі «Мақтаарал» мен «Жетісу» клубтарының бас бапкері болды.