Иван Дычко кәсіпқой бокста қанша тауып жүргенін айтты
ҰОК
Қазақ боксшысы Иван Дычко (14-0, 13 КО) Қанат Исмаиловпен өткен подкаста АҚШ-тағы кәсіпқой бокс кештерінен қанша нәпақа тауып жүргенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.
«Маған орта есепті айту қиын. Оны түсіндіріп көрейін. Кейбір жек-жектерден дым алмаймын. Ал кейбіреуінде 20 мың доллар береді. 50 мың доллар алған жекпе-жектер де бар. Сосын тіпті 100 мың долларға келісімге отырып, қалтама бір тиын түспеген жағдайда болды. Ештеңе алмадым, мені алдап кетті. Бұл тіпті менің командам емес, ұйымдастырушылар тарапынан болды. Мұның бәрі әрқайсысы жекелеген сәт. Айта кететін жайт, бастапқы кездері бес раундқа дейін жекпе-жектерде 1000 доллардан кем ақшаға келіспеу керек. Ең болмаса АҚШ-қа барған жолын ақталу қажет қой», - дейді Иван Дычко.
Еске салып өтейік, 27 желтоқсанда Иван Дычко шаршы алаңға оралады. Ол Алматыда ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін Дычко 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.