Өзбек боксшысы финалда қазақ боксшысын тістеп, алтын медальдан айырылды (ВИДЕО)
Бокс
ҚБФ
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды. Бұл шешім өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен өткен финалдық жекпе-жекте орын алған даулы жағдайдан кейін қабылданды, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чиангмайда (Таиланд) өткен Азия чемпионатының финалында Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбек боксшысымен кездесті. Бастапқыда төрешілер жеңісті Асадуллаевқа берген еді. Алайда жекпе-жек кезінде өзбекстандық боксшы Абылайханды клинч кезінде иығынан тістеп, боксшының денесінде тіс іздері қалғаны анықталды.
Қазақстан бокс федерациясы бұл жағдайға байланысты наразылық хат жіберді. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Азия бокс конфедерациясы (ASBC) жекпе-жекті қайта қарастырып, жеңісті Абылайхан Жүсіповке беру туралы шешім қабылдады. Ал Хавасбек Асадуллаев уақытша жарыстардан шеттетілді.