«Астана» мен «Челси» бастапқы құрамдарын жариялады
Футбол
ФК «Астана»
Бүгін Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында Алматыда «Астана» командасы Лондонның «Челсиімен» кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz.
Командалардың бастапқы құрамдары келесідей:
«Астана»: Сейсен, Бартолец, Калаица, Казуколовас, Вороговский, Эбонг, Чинеду, Томасов, Марочкин, Камара, Аманович.
«Челси»: Йоргенсен, Дизази, Адарабиойо, Педру Нету, Чуквуэмека, Дьюсбери-Холл, Джордж, Ачеампонг, Гию, Ренату Вейга, Рак-Сакьи.
Матчтың басталуы: 20:30 (Астана уақытымен). Тікелей көрсетілім «Qazsport» телеарнасында.
Турнир кестесіндегі жағдай: төрт ойыннан кейін «Астананың» 4 ұпайы бар және 23-орында тұр. Ал «Челси» 12 ұпаймен бірінші орынды иеленіп отыр.