Швеция прокуратурасы Килиан Мбаппеге қатысты істі жапты

Швеция прокуратурасы Килиан Мбаппеге қатысты істі жапты
Футбол

Getty Images

Швеция прокуратурасы Мадридтік «Реал» мен Франция құрамасының футболшысы Килиан Мбаппеге қатысты зорлау ісін дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты жапты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Agence France-Presse әлеуметтік желіде (бұрынғы Twitter) мәлімдеді.

Бұған дейін швед баспасөзі футболшының зорлау оқиғасына қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлаған. Алайда спортшының айналасындағы адамдар бұл айыптауды жалған деп атаған. Қыз полицияға футболшы демалыс күндерін өткізген қонақүйдегі оқиғадан кейін жүгінген болатын.

25 жастағы Килиан Мбаппе қазіргі Испания Примерасында 15 матч өткізіп, 9 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Ал Чемпиондар Лигасында 6 ойынға қатысып, 2 гол және 1 нәтижелі пас жасады.