«Бұл қалыпты жағдай емес». «Челси» бапкері Қазақстан туралы өз шағымын айтты
Футбол
Sports.kz
«Челси» футбол клубының бас бапкері Энцо Мареска Конференция лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Астанаға» қарсы өтетін ертеңгі матчтың алдындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сілтеме жасап.
— Бүгінгі жаттығудан кейін біз Алматыға аттанамыз. Әрине, матчқа сегіз сағат ұшу — бұл қалыпты жағдай емес. Бірақ біз баруымыз керек және ойнауымыз қажет. Біз бар күшімізді салып, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз, дегенмен келесі матчты да ескеріп отырмыз. Сегіз сағат ұшамыз. Кешкі ас. Ұйқы. Ертең Англия уақыты бойынша түсте «Астанамен» ойнаймыз. Алматыда бір тәуліктен аз уақыт боламыз. Жұма күні таңғы сағат алтыда кері ораламыз, — деді Мареска баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, «Астана» мен «Челси» арасындағы матч 12 желтоқсанда Алматыда өтеді. Ойын елорда уақытымен 20:30-да басталады.