Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды

Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды
Бокс

Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Бекзаттың финалдағы қарсыласы жастар арасындағы Азия чемпионы, өзбекстандық Жасурбек Юлдошев болды. Жекпе-жек нәтижесінде Нұрдәулетов төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, қарсыласын күміс жүлдемен шектеді.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов әуесқой бокста 2019 жылы әлем чемпионы, 2016 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. 2020-2022 жылдар аралығында кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, 6 жекпе-жекте жеңіске жеткен (екі жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған).