Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды
Бокс
Спортты дамыту дирекциясы
Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан 2024 жылғы бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы 81 келі салмақ дәрежесінің финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Гүлсая Ержан украиналық Каринэ Айрапетянмен алтын медаль үшін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша, Ержан Азия чемпионы атанып, Айрапетян күміс медальға ие болды.
Бұл алтын медаль Қазақстанның әйелдер құрамасы үшін осы чемпионаттағы төртінші жеңіс болды.
Айта кетейік, жартылай финалда Гульсая Ержан өзбекстандық Сохиба Рузметованы екі нокдаунмен жеңіп, финалға шыққан еді.