Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды
Бокс
ҚБФ
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аида рингте вьетнамдық Лин Ха Тхимен кездесіп, оны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Осылайша, Әбікеева алтын медальді иеленсе, қарсыласы күміспен шектелді.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алған болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктория Графеева Азия чемпионы атанды.