“Реал” жаттықтырушысы Мбаппеге демалыс беруге дайын
The North West Star
Мадридттік Реал” командасының бас бапкері Карло Анчелотти Килиан Мбаппенің қазіргі формасы туралы пікір білдіріп, оған кейбір матчтарда демалыс беру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Соңғы матчта Мбаппе қатарынан екінші рет пенальти соға алмады. Анчелотти футболшының өз жағдайын түсініп, жақсару үшін бар күшін салып жатқанын атап өтті:
“Килиан қазір ең жақсы деңгейін көрсете алмай жүр. Бірақ ол өз жағдайын жақсы түсінеді және формасын қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Бұл – уақыт мәселесі. Біз оны қолдаймыз, бірақ бұл оның барлық матчқа қатысуы керек дегенді білдірмейді. Кейде аздап демалыс оның пайдасына асуы мүмкін”,- деді Анчелотти BelnSports-қа берген сұхбатында.
Сонымен қатар, бапкер Мбаппенің командаластарымен байланысын жақсарту қажеттігін және бұл процесстің уақыт өте оң нәтиже беретінін айтты.
Айта кетейік, Мбаппе “Реал” сапындағы алғашқы маусымында 20 матчта 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.