Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Бокс

Сали Сабиров

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосынов Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездесті. Ашық қарсыласу мен тартысты соққыларға толы болған жекпе-жек нәтижесін анықтау үшін төрешілер бейнеқайталау қарауға жүгінуге мәжбүр болды. Қорытынды шешім бойынша жеңіс Жалиловқа берілді. Осылайша, ол жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті, ал Сәкен Бибосынов Азия чемпионатынан шығып қалды.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері.