Боранбек Қоңыратов: «Алмат Кебіспаев жағы сынса да соңына дейін күресіп, қола медаль жеңіп алды»

Боранбек Қоңыратов: «Алмат Кебіспаев жағы сынса да соңына дейін күресіп, қола медаль жеңіп алды»
Күрес

ҰОК

Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов Алматтың Ичхондағы Азия ойындарында ауыр жарақат алып, жарысқа шыққандығы туралы Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтып берді.

“Алматтың жағы сынып кетті. Былай айтқанда терең нокаут алды. Есінен танып қалып, салдары қиын болып кете ма деп уайымдадым. Бір нүктеге қарап қалса, бірден есін жинатып аламын. Есін жинап алғанымен, жағы сынғаны туралы білмеді. Ет қызуымен шығып, ұтып кетіп, қола медальға ие болды”,- деді Боранбек Қоңыратов.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев миы шайқалып, жақ сүйегі сынғанымен, Ичхонда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын.