Алуа Балқыбекова Азия чемпионатындағы жекпе-жегінен бас тартты

Бокс
ҚБФ
Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың (50 келі) сырқаттануына байланысты, Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе жегінен бас тартуына тура келді.
“Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды”,-делінген дәрігер анықтамасында.
Қазақстан бокс федерациясы Алуа Балқыбековаға тезірек сауығып кетуін тіледі.
Енді бүгінгі күні Қазақстан намысын тек Улжан Сарсенбек (57 кг) қорғайды. Оның қарсыласы – украиналық Карина Вовк.