“Сити” ойыншылары матчтан кейін жанжал шығарды

“Сити” ойыншылары матчтан кейін жанжал шығарды
Футбол

Чемпионат

“Манчестер Сити” футболшылары Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 5-турында “Фейеноордпен” (3:3) өткен матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде жанжал шығарды. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Чемпионат хабарлады.  

Ақпаратқа сәйкес, ойыншылар өзара дауласып, ашуланған сәттерінде әртүрлі заттарды лақтырып, бөлмеде тәртіпсіздік жасаған. “Сити” ойын барысында үш голдық басымдықты жоғалтып, жеңісті уысынан шығарып алды.

Команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеге беттегенде абдырап қалғандай көрінді. Сонымен қатар, испандық маман ойын аяқталғаннан кейін ұзақ уақыт өз кабинетінде қалып, болған жағдайды талдаған.

Бес турдан кейін “Манчестер Сити” сегіз ұпай жинап, турнирлік кестеде 17-орында тұр.