Дулат Бекбауов бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Дулат Бекбауов бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды
Бокс

ҰОК

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жекпе-жегінде Тайбэй өкілі Ванг Чиуанмен кездесіп, тартысты айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан турнирдің 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуін сәтті бастады.

Айта кетейік, Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен 2022 жылы Аммандағы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленген. Екі жетістігі де 67 келіге дейінгі салмақта тіркелген.