Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды
Басқа
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Өзбекстан мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Ташкентте өткен ҰОК Бас ассамблеясында премьер-министр Абдулла Ариповтың ұсынысы бойынша Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасы қаралып, бірауыздан мақұлданды.
Абдулла Ариповтың айтуынша, бұл шешім 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына жан-жақты дайындық үшін маңызды.
ҰОК-тің бұрынғы төрағасы Рустам Шаабдурахманов 2022 жылы өз еркімен қызметтен кеткен еді. Осы уақытқа дейін комитет жұмысын спорт министрі Адхам Икрамов үйлестіріп келген.