«Барселонаның» 17 жастағы жұлдызы жарақат алды: Испания құрамасы не дейді?

«Барселонаның» 17 жастағы жұлдызы жарақат алды: Испания құрамасы не дейді?
Футбол

Getty Images

Каталондық "Барселонаның" 17 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар Лигасы аясында ауыр жарақат алды. Испания құрамасының бас бапкері бұл жарақатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

16 және 19 қарашада Испания ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде Дания және Швейцария құрамаларына қарсы ойындар өткізеді. Команданың басты жұлдызының жарақатына байланысты бұл халықаралық ойындарға қатыспай қалу ықтималдығы бар.

"Кеше кештен бері "Барселонамен" байланыстамын. Біз үшін ең маңыздысы – ойыншылардың денсаулығы. Ламин тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", - деді Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте.

Айта кетейік, 17 жастағы ойыншы өткен аптада өткен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің үшінші турында сербиялық "Црвена Звездаға" қарсы матчта жарақат алған еді.