ҚФФ Черчесовқа 1 миллион еуро береді ма?
Sports.kz
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық құрамаға келмес бұрын ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың қызметінен кетуі мүмкін екенін білген, деп хабарлайды Bassport.kz Legalbet.kz сілтеме жасап.
Ресейлік маман ҚФФ-дағы ықтимал өзгерістерден хабардар болған. Черчесов Барменқұловпен таныс болмаған және өз штабында жергілікті жаттықтырушылардың болғанын өзі талап еткен. Оның бастамасымен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері ұлттық құрамаға шақырылған.
ҚФФ мен Черчесов арасындағы келісімшартта екі жақты айыппұл төлеу туралы шарт бар: егер бапкерді басқа команда шақырғысы келсе, оған (немесе ол өзі) 1 миллион еуро төлеуі керек. Ал егер ҚФФ онымен келісімшартты бұзғысы келсе, маманға дәл осындай сомада өтемақы төлеуге міндетті.
Айта кетейік, 8 қарашада Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті. Ол бұл ұйымды 2022 жылдан бері басқарған. Қазақстан құрамасы 14 қарашада Ұлттар лигасы аясында Австрияны қабылдайды, ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегияға қарсы соңғы турда ойнайды.
Черчесовтың жетекшілігімен команда әлі бірде-бір гол соққан жоқ.