Бұрынғы командалас спортшылар Қазақстан чемпионатында жаппай төбелес жасады
Хоккей
Pro Hokei Ligasy
Pro Hokey Ligasy чемпионатында Өскеменнің “Торпедо” командасы “Алматыны” екі мәрте 7:1 және 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Алайда бұл кездесулер тек ірі есеппен ғана емес, сонымен қатар агрессивті оқиғаларымен де есте қалды.
Дмитрий Быков пен Станислав Тунхузин ойын барысында жұдырықтасып қалды. Айта кетерлігі, өткен маусымда екеуі де “Торпедо” сапында бірге өнер көрсеткен еді.