Жания Бекмұхамбетова Венгрияда өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді

Жания Бекмұхамбетова Венгрияда өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді
Теннис

Olympic.kz

Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender үстел теннисі турнирінде қатарынан екінші рет жүлдеге ие болды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Турнир аясында Жания бірнеше қарсыласын айқын басымдықпен жеңді: Сара Сонди (Венгрия) – 3:0, Лора Уриа (Испания) – 3:0, Александра Бец (Украина) – 3:0, Джулия Фернандес (Испания) – 3:1, Кармен Гомес (Испания) – 3:0 және Бьянка Тому (Румыния) – 3:0

Айта кетейік, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алған болатын.