Төрехан Сабырхан Қазақстанға алғашқы алтын медальды алып келді

Төрехан Сабырхан Қазақстанға алғашқы алтын медальды алып келді
Бокс

ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Bassport.kz

Төрехан төрт дүркін жастар арасындағы Азия чемпионы атағына ие болса, енді, әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанып отыр! Финалда ол кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяны 4:1 есебімен жеңді.

2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жеті қазақстандық боксшы бақ сынайды. Бүгін тағы Санжарали Бегалиев пен Аружан Зейноллаева рингке шығады.