Джоэл Каямба: «Астана» командасының бас бапкері мені еш себепсіз ұрды

Джоэл Каямба: «Астана» командасының бас бапкері мені еш себепсіз ұрды
Футбол

ФК "Атырау"

«Атырау» командасының Конголық жартылай қорғаушысы Джоэл Каямба өз әлеуметтік желісінде Премьер-лиганың кейінге қалдырылған 17-туры аясында болған жанжалға пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz

«Қайтадан дежавю сияқты. «Астана» командасының бас бапкері мені еш себепсіз ұрғаннан кейін Қазақстан футбол федерациясынан қандай да бір реакция күткім келеді. Біз футбол ойнап жатырмыз, бокс емес.

«Астана» сияқты клубтың бас бапкері қарсылас ойыншыны еш себепсіз ұрды дегенге сене алмаймын. Мұндай әрекеттер осындай тамаша елдің имиджіне кері әсер етеді. Мұндай деңгейде өнер көрсеткенде, адамдық қасиетке ие болып, эмоцияны жұрт алдында ұстай білу керек. Мен жауап қайтарып, он есе артығын жасай алар едім. Бірақ алаңдамаңыздар, тағы да кездесерміз. Карма өз дегенін алады», - деді Каямба.


Айта кетейік, "Астана" командасы ел чемпионатының кейінге шегерілген 17-туры аясында атыраулықтардан 3:2 есебімен басым түскен болатын.