Абай облысының әкімі «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады
Бокс
Abai Aqparat
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен қола жүлдегері Саят Шәмшиевпен кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz
Әкім балуандарға ел абыройын асырған жеңістері үшін алғыс білдіріп, олардың табысы жастарға үлгі екенін атап өтті.
Кездесу барысында қос спортшыға демеушілер атынан автокөлік сыйға берілсе, Ерасыл Қажыбаевқа үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.
Ерасыл Қажыбаев бұл жеңісін туған жеріне арнайтынын айтып, алдағы турнирлерге тыңғылықты дайындалатынын жеткізді.
Биылғы турнирге Қазақстанның барлық өңірінен 42 балуан қатысты, олардың арасында былтырғы чемпиондар мен танымал спортшылар болды.