Ризабек Айтмұхан: “Жеңілісте де қолдап, шын жанкүйер болуға шақырамын”

Ризабек Айтмұхан: “Жеңілісте де қолдап, шын жанкүйер болуға шақырамын”
Күрес

United World Wrestling

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан, күрес түрлерінен Тиранада өткен U23 әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz


Бұл оның бір айдан астам уақыт ішінде әлем біріншілігінде екінші рет топ жаруы. Ризабек жеңісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасап, алдағы олимпиадада бар күш-жігерін салып, Қазақстанның туын биікке көтеруге дайын екенін айтты.


«Тарих жазуды тоқтатпаймыз. Бұл жеңіс менің ғана жеңісім емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі! Халқым мен отбасымның қолдауының және де адал еңбектің арқасында бүгін де 3 дүркін әлем чемпионы атану бұйырды, Аллаға шүкір! Алдағы уақытта бірнеше жарыстарда еліміздің туын асқақтатып, олимпиаданы бағындыруға күш салатын боламын. Сіздерді әрі қарай чемпиондарымызды жеңісте ғана емес, жеңілісте де қолдап, шын жанкүйер болуға шақырамын!», - деп жазды Ризабек Айтмұхан өзінің Instagram парақшасында


Айта кету керек, Ризабек Айтмұхан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын.