Үстел теннисінен 11 жастағы Жания Бекмұхамбетова Мысырда алтын еншіледі
Теннис
ttfrk.kz
Мысырдың Исмаилияда қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz Қазспортқа сілтеме жасап
Теннисші 13 жас санатында үздік деп танылды. 11 жасар жерлесіміз жеті матч өткізіп, оның бәрінде қарсыластарын жеңді.
Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.