Ватанабэ Халықаралық гимнастика президенті қызметіне қайта сайланды

Ватанабэ Халықаралық гимнастика президенті қызметіне қайта сайланды
Гимнастика

ҰОК

Моринари Ватанабэ (Жапония) Халықаралық гимнастика президенті (FIG) басшысы қызметіне қайта сайланды. Bassport.kz бұл туралы ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Сайлау қазіргі таңда Дохада (Катар) өтіп жатқан 85-ші FIG Конгресінде болды. Айта кетелік, Ватанабэ аталған ұйымға 2017 жылдан бері басшылық етеді. Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті Даниса Дүйсенғалиева FIG Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Қазақстан гимнастика федерациясының тағы бір вице-президенті Алуа Бектұрова дауыс беру нәтижелері бойынша көркем гимнастикадан FIG техникалық комитетінің мүшесі атанды.