Черчесовке қатысты ҚФФ президенті мәлімдеме жасады
Футбол
ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында бас бапкер Станислав Черчесовтің қызметіне көңілі толатынын айтты. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұлттар Лигасындағы нәтижелерге қарамастан Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Ондайды ойламаймыз да. Құрама бапкерінің нақты міндеттері бар, соны орындап жатыр. Қазір оның жұмысының нәтижесін көріп отырмын. Жастар мен жасөспірімдерді қоса алғанда барлық құрамаларымыздың жүйелі дайындығын ұмытпаңыздар. Станислав Саламұлының бұл бағыттағы жұмыстарының барлығы жүйеленген әрі біз жоспарлағандай жүріп жатыр. Словениямен матчтан кейін бас бапкер мен команданы құттықтап шықтым. Ойыншыларға «Жігіттер, сендер ойнап жүрген футбол мүлде өзге – бізге нағыз керегі де осы» дедім. Бұл жаңа стиль, жаңа философия. Команданың көңіл-күйі дұрыс, жігіттер тек жанкүйерлер үшін уайымдайды», - деді Әділет Бәрменқұлов.