Путинцева Қытайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Путинцева Қытайдағы турнирдің екінші айналымына шықты
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған америкалық Кэролайн Доулхайдпен шеберлік байқасты. Бастапқыда Доулхайд 2:0 есебімен алға шықса, содан кейін Путинцева қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:2, 6:0. Бір сағат 7 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Доулхайд 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя немесе рейтингіде 60-орындағы қытайлық Ван Яфаньның біреуімен таласады.