Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық жартасқа өрмелеушілер 2 жүлде алды

Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық жартасқа өрмелеушілер 2 жүлде алды
Басқа

ҰОК

Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды. Олар - Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.

Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.