Аустрияға қарсы оңай ойын болмайтынын бәрі түсінеді - Дарабаев
Футбол
ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Аустрия-Қазақстан матчының алдында ойын жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Жаңа ойыншылардың шақыртылуы дұрыс қадам деп ойлаймын. Ертелі-кеш жас буын алмасатын уақыт келеді. Көңіл-күйім керемет. Тәжірибеммен бөлісіп, құрамаға көмектескім келеді. Аустрияға ертерек келіп, дайындалдық. Әр жаттықтырушының дайындыққа өз көзқарасы бар. Тактикалық тапсырмаларды атқарып шықтық. Матч алдындағы жаттығуды өткізіп, ойынға тас-түйін дайын боламыз. Тактикалық жоспарымыз туралы айтпаймын, дегенмен қарсылас өз жоспарын жүзеге асырмауы үшін барымызды саламыз. Оңай ойын болмайтынын бәрі түсінеді. Қарсылас допқа иелік етіп, қысым жасайтынын білеміз», - деді футболшы.
Айта кетейік, Аустрия – Қазақстан бүгін кешкі сағат 23.45-те өтеді.