«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті

«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті
Хоккей

Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Борис Иванищев 2006-2018 жылдар аралығында елордалық клубта вице-президент міндетін атқарды. 2018 жылдан бері президент қызметінде болды. 

2022 жылдан бері «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыға алмай келеді. Биыл команда он төрт ойынның небәрі екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Салдарынан команда турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр. Жаңа маусым басында команда сәтсіздігіне байланысты канадалық маман Дэвид немировски «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті. Оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды. Борис Иванищев 1965 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Теміртаудың «Болат» командасында ойнаған.