Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді
Теннис

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен бетпе-бет келді. Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Юлия есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат жарым уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Векич 2 эйс, 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ал шешуші кезеңде Путинцева ширақтық танытып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығады. Ол бүгін чехиялық Катержина Синякованың осал тұсын тапты.