Спорттық гимнастикадан әлем кубогы аяқталды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогы аяқталды
Гимнастика

Sport plus Qazaqstan

Сомбатхей (Венгрия) қаласында өткен спорттық гимнастикадан өткен әлем кубогында Қазақстан құрамасы қос алтын медаль иеленді. Bassport.kz бұл туралы Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтық сайыстың алғашқы күні Дарья Ясинская 13.166 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Бұл - 20 жастағы Дарья үшін әлем кубогының бірінші жүлдесі. 

Кейін ерлер арасында Асан Салимов 14.300 ұпаймен қарсыластарының алдын орады. Осымен Challenge Cup 2024 сериясы аяқталды. Биыл әлем кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхейде өтті.