Назым Қызайбай тағы тұлпар тізгіндеді

Назым Қызайбай тағы тұлпар тізгіндеді
Бокс

Ашық дереккөз

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тағы бір автокөліктің иегері болды. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Олимпиададан жүлделі оралған соң боксшыға үш бірдей көлік сыйға тартылған еді. Енді Қазақстан бокс федерациясы Назым Қызайбайға тағы бір көлікті сыйға берді. Спортшы елге жүлдемен оралған соң демеушілер оған үш автокөлік сыйлаған болатын. Назым Қызайбай сыйға берілген үш көліктің екеуін сатайын деп жатқанын айтты. Спортшы мұндай шешімге ақша қажет болғандықтан келген.